Тимур Айтмұханбет - Азаттықтың Нұр-Сұлтандағы журналисі, видео операторы.
АҚШ президенті Дональд Трамптың өкілдері Киевке келмек. Украина Купянск майданына жақын ауылдардан балаларды эвакуациялап жатыр. Украина Ресейдің әскери аэродромы мен мұнай зауытына шабуылдады. Соғыстағы ахуал. 10-11 ақпан.
Украина әскерилері Ресейдің Су-25 әскери ұшағын атып түсірдік деп мәлімдеді. Сырскийдің Украина қарулы күштерінің бас командирі болғанына бір жыл болды, ол майданда не өзгерте алды? Трамп осы аптада Зеленскимен кездесетінін айтып қалды. Соғыстағы ахуал. 9-10 ақпан.
Астананың сол жағалауындағы жер үйлердің біразы 2017 жылы EXPO халықаралық көрмесі қарсаңында сүріліп, жер телімдері "мемлекет мұқтажына" қайтарылған. Билік берген өтемақыға баспана ала алмаған тұрғындар соттасқанымен, жеңіліп қалды. Солардың бірі Несіпкүл Ұябаева әлі үйсіз жүр.
Қаңтар оқиғасына байланысты ҰҚК бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов қамалғаннан бері үш жыл бойы Астанада тергеу изоляторында отыр. Ол былтыр 18 жылға сотталған. Мәсімовке қатысты тағы екі қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Мемлекеттік арна оны әлдебір "шетелдің агенті" деп атады.
Украина Шешенстандағы полктің казармасына дрон түскені айтылды. АҚШ-тың болжамынша, Ресей жақын күндері "Орешник" ракетасымен Украинаға соққы жасауы мүмкін. Венгрия премьері Виктор Орбан Зеленский Рождествода атысты тоқтатудан бас тартты дейді, Киев оның бұл сөзін жоққа шығарды.
Украина өзі жасап шығарған "Рута" ракетасын сынадық деп мәлімдеді. Беларусь авторитар лидері Александр Лукашенко ядролық қаруымыз бар деп мақтанды. Украинаның Запорожье қаласындағы клиникаға ракета түсті. Соғыстағы ахуал. 10-11 желтоқсан.
Германия оппозициясының лидері, жақын арада канцлер атанады деген Фридрих Мерц Киевке сапарлап, Украинаға қолдау білдірді. Нобель бейбітшілік сыйлығының иегерлері Путинге үндеу арнады. Зеленский Украина аумағында Ресейдің 800 мың сарбазы соғысып жатыр деп мәлімдеді.
Рамзан Қадыров Украинаның дроны Шешенстандағы полиция мекемесіне түскенін мойындады. Ресей жастарды көшеден, үйінен күштеп әскери комиссариатқа әкетіп жатыр. Зеленскийдің кеңесшісі Трамптың өкілдерімен кездесті. Соғыстағы 4-5 желтоқсандағы ахуалды шолып шықтық.
НАТО Украинаның инфрақұрылымын қорғау үшін әуе қорғаныс жүйелерін бермек. Ресей Украинадан 314 баланы мәжбүрлі түрде "асырап алған". Украиналық хакерлер Ресей милитаристік ұйым арқылы жасөспірімдерді соғысқа дайындағаны туралы ақпаратты қолға түсірді.
Украинаның НАТО-ға мүше болу мәселесі қызу талқылана бастады. Ал Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров "әділ келіссөзге дайынбыз" деп мәлімдеді. Франция мен Ұлыбритания Украинаға әскер жіберуі мүмкін екені айтылды. Украинадағы соғыстың 2-3 желтоқсандағы ахуалына шолу.
22 қарашада Чехия астанасы Прагада қазақ әншісі Димаш Құдайбергеннің концерті болды. Концерт алдында әлемнің түпкір-түпкірінен, соның ішінде АҚШ, Аргентина, Мексика, Коста-Рика, Польша, Испаниядан келген тыңдармандары pre-party өткізді.
"Шыңжаң" газетінде журналист әрі аудармашы болып істеген, қазір Қытайда қамақта отыр делінген Жәнібек Жәудетұлының бауыры Азаттыққа хабарласып, ашық сұқбат беруге келісті. Астана тұрғыны Қуан Дыбанұлының сөзінше, бауырынан бір жарым жылдан бері еш хабар жоқ, ал жақындары ол туралы айтудан қорқады.
Қытайда 20-дан астам ұлты қазақ азамат ұсталғаны туралы ақпарат шықты. Қамалғандардың дені Шыңжаңда көп жыл журналистикада, білім беру мен мемлекеттік қызметте істеген. Азаттық осы адамдардың кейбірінің Қазақстандағы туыстарымен сөйлесіп, мән-жайды анықтауға тырысты.
Ресей билігі Украина әскері Курскіде 28 елдімекенді бақылап отырғанын мойындады. Бұл аумақтан 121 мыңдай адам көшірілген. Украина президенті бұл операцияны «Путиннің ақыры» деп атады. Ресей президенті «Киев келіссөздегі салмағын арттыру үшін осындайға барып отыр» деп, бұл жағдайға Батысты айыптады.
1 тамызда арнайы комиссия ЛГБТ "насихатына" қарсы петиция авторларының талабын жария түрде талқылады. 50 мың адам қол қойған үндеуге негізгі жауапты ақпарат және мәдениет министрлігінің өзі талқы кезінде петицияны ішінара қолдады. Жиында екі тарап кезек-кезек сөйлеп, позициясын айтты.
Қазақстанда шілдеде сұйылтылған газ он пайызға қымбаттады. Энергетика министрлігі "бұл мәжбүрлі шара" деді. Себебі халыққа сатылатын газ бағасы "мұнай компанияларының шығынын ақтамайды" әрі "тапшылыққа да бағаның төмен болуы себеп" деп түсіндірді. Газдың қымбаттауы жөнінде жұрт не дейді?
Қазақстан Шанхай ынтымақтастық елдерінің саммитін өткізіп, ұйым төрағалығын Қытай тарабына берді. Ұйым құрамына оныншы мемлекет болып Беларусь қосылды. Азаттық саммиттегі басты жаңалықтарды шолып, ұйымның геосаяси орны туралы сарапшылар пікірін білді.
Украина полициясы қастандыққа ұшыраған оппозициялық журналист Айдос Садықовқа оқ атты деп күдікке ілінгендердің ұсталғанын хабарлады. Олар Қазақстанның екі азаматы болып шықты. Бірі — 1991 жылы туған Мейрам Қаратаев, екіншісі — 1988 жылы туған Алтай Жақанбаев есімді азамат.
Ақтөбеліктер бес тәулік бойы іздеген аутизмі бар бала Кәрімнің мәйіті 8 маусымда Елек өзенінен табылды. Осыдан кейін "Аутизм Қазақстан" ұлттық қауымдастығы үш күн бойы аза тұтатынын хабарлады. Ақтөбедегі аутист балалар орталығы да кешелі бері аза тұтып отыр.
Тағы